Тәртіп сақшылары барлық көлікті тексеріп жатыр
Қостанай облысының тұрғындары 2 қарашада көліктер мен автобустарға полиция қызметкерлері тінту жүргізгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Наша газета» порталына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша Рудный және Лисаковск қалаларының аумағында Қостанай-Қарабұтақ тас жолында күшейтілген тінту жұмыстары жүргізілген. Облыстық полиция департаменті аймақта жедел іс-шаралар жүріп жатқанын растады.
«Қостанайда қасақана ауыр дене жарақатын салу қылмысы жасалды. Күдіктінің кім екені анықталды. Іздеп тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны ұстау шаралары атқарылып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.