Үйінде үнемі айқай-шу болатын
Алматыда 41 жастағы еркек туған анасын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген еркек туралы көршілері айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Олардың айтуынша 41 жастағы ер адам туған анасын пышақтап өлтіргеннен кейін мәйітін кілемге орап, қоқысқа тастаған.
«1988 жылдан бері осында тұрамыз. Өкінішті. Әлі де сене алар емеспін. Екі перзенті бар. Үлкені Анна Америкада тұрады. Кішісі, осы Иван, 1984 жылғы, жүйке ауруына шалдыққан. Үнемі ауруханаға жатқызып тұрады. Ауруы күз мезгілінде қозады. Үйінде үнемі айқай-шу болатын. Өйткені күзде ауруы асқынады. Тіпті аулада ойнап жүрген балаларға дейін тиісетін», - дейді марқұмның көршісі Галина.
Күдікті бұған дейін бірнеше мәрте терезеден де секірген екен. Бұл үйде тек анасы екеуі тұрған. Пәтерден қатты дауыс жиі естіліп, талай рет көрші-қолаңның тынышын бұзған. Науқас еш жерде жұмыс істемеген.
72 жастағы қарияның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал қазір оқиға болған пәтердің есігі мөрленген.
«41 жастағы жергілікті тұрғын өз анасын өлтіріп, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезікті ізін суытпай қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, сезікті жүйке ауруына шалдығып, есепте тұрған. Сот шешімі бойынша үкіммен сотталады», - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 30 қазанда Бостандық ауданы, Дунаев көшесінде орналасқан үйде болған.