Оның психикалық ауытқуы болған
Алматыда ер адам туған анасын өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 30 қазанда Бостандық ауданы, Дунаев көшесінде орналасқан үйде болған. 41 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Полицияның мәлімдеуінше, ол Психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс ашылды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.