Екібастұзда бойжеткен жігітінің кеудесіне пышақ сұғып, жазым қылды

Автор: Бақыт Шынар

Екеуі көшедегі дүкеннің жанында жанжалдасып қалған

Фото: скриншот

Екібастұз қаласындағы «Әсет» дүкенінің жанында адам өлімі болды: жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен оның жүрегіне пышақ қадап алған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өкінішке қарай, марқұм жан тапсырған.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс 28 қазанда тіркелген.

«Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеу бастады. Күдікті әйел анықталып, қолға түсті. Қазір Екібастұз қаласының уақытша қамау изоляторында отыр», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.