Алматы маңында жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Дүмпулер бүгін таңғы сағат 09.17 кезінде тіркелген 

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласынан 320 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе мен әдістеме экспедициясы хабарлап отыр.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе мен әдістеме экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі 27 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, таңғы сағат 09.17-де  жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпи-орталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 320 шақырым жерде, Қытайдың аумағында тіркелді», - деп хабарлап отыр экспедиция.

Жер сілкінісінің тереңдігі 15 шақырым жерде болғаны және жерүстінде дүмпудің қатты сезілмегені хабарланып отыр.