$ 530.15  617.47  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шұғыл: Түркістан облысында басқарма басшысы 191 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамалды

Ол сыбайласымен бірге адамдардың жалақысына бөлінген қаражатты жоқ қылған

Шұғыл: Түркістан облысында басқарма басшысы 191 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамалды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, ресми мәліметте қолға түскен шенеуніктердің аты-жөні жарияланбаған.

«Атап айтқанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп хабарлады ҰҚК.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара берген. Бұл фактіні де Антикор тексеріп жатыр.

«Соттың санкциясымен осы тұлғалар қамалды», - деп хабарлайды ҰҚК.

Серіктес жаңалықтары