Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты наурызда өтуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті хабарлап отыр

Фото: ашық дереккөзден

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионатының ықтимал мерзімі жарияланды. Olympic.kz сайты халықаралық конькимен жүгірушілер одағының 2020/21 жылғы маусымға арналған жарыс кестесіне сілтеме жасай отырып, хабарлағанындай, әлем чемпионаты келесі жылы 22-28 наурыз аралағында өтуі мүмкін.

«Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты Швецияның Стокгольм қаласында өтеді деп жоспарлануда.  Алдын ала берілген мәлімет бойынша, әлемдік дода 22-28 наурыз аралығында ұйымдастырылуы мүмкін. Ал төртқұрлық турнирі 2021 жылдың 8-14 ақпаны аралығында Австралияның Сидней қаласында өтеді.  Айта кетелік, әлемдегі ахуалға байланысты турнирлердің өту мерзімі өзгертілуі мүмкін», - деп жаады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.