Ол енді айыппұл төлеуі тиіс
Коронавирустың алдын алуға байланысты жарияланған карантин кезінде блок-бекетті айналып өтпек болған атыраулық тұрғын сотталды. Ол бекетті күзетіп тұрған тәртіп сақшыларына пара ұсынған деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық филиалы.
А. Сағиева есімді азаматша Атырау облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы бөлімінің басшылығына пара берген. Мемқызметкерлер дереу жемқорлықпен күрес қызметінің мамандарына хабарлаған.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Сағиева мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды және ол 112 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.