Төрт адам жан сақтау бөлімінде жатыр
Бүгін таңертең Ақтөбе облысының аумағында болған жантүршігерлік жол апатында жараланған алты адам Хромтау ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың бесеуі – үлкен кісі, біреуі – бала.
«Соның ішінде, төрт адам реанимацияда, екеуі палатада. Облыс орталығынан екі бригада дәрігерлер келді, арасында балалардың дәрігері бар. Облыс орталығынан келген реаниматолог, травматолог, хирург, нейрохирург дәрігерлер шұғыл ота жасады», - деп хабарлайды Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Жараланғандар арасында бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан еді. Дәрігерлердің талабы бойынша ол да қазір ауруханада.