Көліктен 24 келі есірткі табылған
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел ақпарат бойынша, полицияға Тараз қаласының кіреберісінде «Ауди-80» маркалы көлік тоқтатып, төрт тұрғынды ұстаған.
«Құқық қорғау қызметкерлері көліктің багажынан 4 қап кеппеген марихуана тапты. Оның жалпы салмағы 24 келі 480 грамм болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, марихуана Тұрар Рысқұлов ауданының құмды аймағында дайындалған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полициясы.
Көліктегі екі жолаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу жүріп жатыр.
«Күдіктілерді ұстаған кезде оқиға орнына Жамбыл облысының прокуроры келген», - деп хабарлайды ПД.