Шұғыл: Алматыда жер сілкінді

Автор: Нұргүл Абай

Қанша балл екенін әзірге белгісіз

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС-ның алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді. Қанша балл сезілгені туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Алматы тұрғындарына телефон арқылы жер сілкінісі туралы хабарлама келген. 

ТЖМ кейінірек нақтылағандай, жер сілкінісі 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-да тіркелген. Ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км жерде орналасқан.

Алматы қаласында жерасты дүмпулері сезілмеген.