Астанада алаяқтарға банк картасын берген 17 жастағы жасөспірім жеті жылға сотталуы мүмкін

Автор: Бақыт Шынар

Дропперлерге қатысты жаңа заң 16 қыркүйекте күшіне енген болатын

Фото: istockphoto.com

Биыл 16 шілдеде президент Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелеріне қатысты өзгерістерге қол қойған болатын. Осы жаңа заң бойынша енді банк картасын алаяқтарға бергендер, яғни, дропперлер ауыр жазаланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура осы заң күшіне енгеннен бері дропперлерге қатысты 7 қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

«Мысалы, Астана қаласында тұратын 17 жастағы жасөспірім енді жеті жылға дейін сотталуы мүмкін. Өйткені, ол алаяққа банк картасының деректерін берген. Ал ол алаяқ Қазақстан азаматынан ақша ұрлап алған еді», - деп хабарлайды Бас прокуратура.