Семейде бір үйдің төрт баласы тірідей жанып кете жаздады – олар сіріңкемен ойнаған

Автор: Бақыт Шынар

Абырой болғанда, өрт сөндірушілер тез жетіп, балаларды сыртқа алып шыққан

Фото: istockphoto.com

Семей қаласындағы Абай көшесінде  жер үй өртеніп, өрт сөндірушілер бір ересек адамды және 4 баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, балалар сіріңке жағып ойнап, өз бөлмелеріндегі ойыншық пен төсектерді өртеп алған.

«Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер балалардың бөлмесі өртеніп жатқанын көрген. Олар бір ересек адам мен 4 баланы құтқарды. Балалар отпен ойнап отырып, өрт шығарып алған», - деп хабарлайды ТЖМ.