60 жастағы жүргізуші жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбеген және жылдамдық режимін сақтамаған
Семей қаласында бес автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше 20 қазан күні сағат шамамен 16:29-да Қаржаубайұлы көшесінде 60 жастағы жүргізуші HYUNDAI TUCSON маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамай, алдында тұрған NISSAN SKYLINE маркалы автокөлікпен (жүргізушісі – 41 жастағы әйел) соқтығысқан.
Салдарынан TOYOTA CAMRY, HYUNDAI TUCSON, VOLKSWAGEN GOLF және KIA BONGO маркалы көліктер бірінің артынан бірі соққан.
«HYUNDAI TUCSON және NISSAN SKYLINE автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктеріне материалдық залал келтірілді», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жол апатының мән-жайын және алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтап жатыр.