$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2020, 17:52
Оқиғалар

Атырауда індет жұқтырғандардың көбі той мен садақаға барғандар

Облыста карантин шаралары күшейтілді

Атырауда індет жұқтырғандардың көбі той мен садақаға барғандар
Фото: ашық дерек көздерінен

Атырау облысында карантин шараларын күшейтуге барлық негіз бар. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаламқас Аманжолова мәлімдеді, деп хабарлайды Ақжайық.

Брифингтен кейін коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулы шықты. Әзірге 27-28 маусымда демалыс күндеріне ғана күшейту енгізілмек.

«Шараларды күшейту үшін барлық көрсетілім бар. Соңғы тәуліктерде вирус жұқтырған 400 науқас анықталды, оның 257-сі – профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Бұлар - негізінен мұнай кәсіпорындарының жұмысшылары. Екінші себебі – Атырауда өздері жүгінген адамдар саны көбеюде. Өкінішке қарай, көп адам инфекцияның бар екеніне сенбей, оқшаулау ережесін сақтамады, жасырын түрде той-топыр мен садақалар жасауды жалғастырып жатыр.

Эпидемиологиялық тергеу жүргізген кезде науқастардан қай жерге бардыңыз, кіммен қарым-қатынаста болдыңыз деп сұрасақ, әдетте, садақаға немесе тойға барып едім деп айтып жатады. Маска тағып, қашықтық сақтап, антисептикті қолданып, барынша үйде отырыңыздар дегім келеді», - дейді Қ. Аманжолова.

Серіктес жаңалықтары