Шымкентте күйзеліске түскен әйел 6-қабаттан секіріп көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол азаматтық некедегі күйеуімен ұрсысқан

Фото ашық дереккөзден

Шымкенттегі «Нұрсат-1» шағынауданында орналасқан 12 қабатты үйдің алтыншы қабатынан әйел адам секіріп қайтыс болды, деп жазады Otyrar.kz. Марқұмның мәйітін алғаш болып тапқан көршілері дереу полицияға хабар берген.

Қайтыс болған әйел 52 жастағы осы үйдің тұрғыны болып шықты. Ол 6-қабатта тұрған. Суицид жасауға үйіндегі ұрыс-керіс себеп болған көрінеді. Әйел азаматтық некедегі күйеуімен ұрсысып, күйзелістен өзіне қол салған.

Қазіргі таңда полиция «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.