Көкшетауда ірі өрт шықты

Автор: Алмас Ерсін

Құтқарушылардың мәліметінше зардап шеккендер жоқ

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

10 қазан күні кешке Ақмола облысының Көкшетау қаласында ағаш тілгіш ғимараттан өрт шықты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ​​Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын 180 шаршы метр аумаққа шарпыған.

«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылардың мәліметінше зардап шеккендер жоқ.