$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атыраулық әйел бірге тұратын серігін пышақтап өлтірді

Ер адам жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды

Атыраулық әйел бірге тұратын серігін пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto.com

Атырауда әйел бірге тұратын серігін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға түнде болды. Тұрмыстық кикілжің кезінде әйел серігіне пышақ сұғып алған.

Ер адам жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

«Алдын ала болжам бойынша ер мен әйелдің арасында жанжал шығып, оның барысында әйел пышақ ала жүгірген», - деп жазды басылым.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда ер адам мас күйінде бейтаныс адамды пышақтап өлтірген болатын. Оқиға 2025 жылдың 26 маусымына қараған түні «Жұлдыз» шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласында болған.

«Түнгі сағат үш шамасында ер адам алкогольдік мас күйде болмашы себеппен бейтаныс адаммен сөзге келіп қалған. Жанжал барысында ол қолындағы асүй пышағын бірнеше рет сұғып алып, жәбірленушіге ауыр жарақат келтірген. Соның салдарынан ер адам көз жұмған», – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары