Шымкент сотының қызметкерінен «закладка» табылды – жас қызды қандай жаза күтіп тұр

Автор: Бақыт Шынар

Қазір сот ішінде дүрбелең басталған көрінеді

Фото: freepik.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкері есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Михаил Козачковтың таратқан мәліметіне сүйенсек, әйелді полиция көшеде тоқтатқан. Оны тінту кезінде синтетикалық есірткі табылған екен. Алдын ала болжам бойынша ол есірткіні тығуға бара жатқан.

«Жас қыз Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі сотында архивариусм қызметін атқарады екен. Сондықтан, оның заттай дәлелдерге қолы жетеді. Соттағы дүрбелең де соған байланысты», - деп жазған журналист.

Бұл оқиғына Шымкент қаласының полиция департаменті де растады.

«Есірткі заттарын сақтағаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір іспен прокуратура танысып жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.