Өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды
Ақтөбеде жеке тұрғын үй аумағында болған өрт жүк көлігіне тараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, оқиға 5 қазан күні Ақтөбе қаласындағы «Поиск-2» саяжайы аумағында болған.
«Құрылыс кезеңіндегі жеке үй мен оның жанында тұрған жүк көлігі өртенді. Жалын құрғақ шөпке де тараған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жеңіл автокөлікті аман алып шығып, үйдің ішінен газ баллонын шығарды. Осылайша мүмкін жарылыстың алдын алды», – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ дерегінше, өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыған.
Мамандардың айтуынша, өрттің таралуына ауа райының құрғақ болуы және желдің әсері себеп болуы мүмкін.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға күзгі маусымда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, әсіресе: