Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшы мерт болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар топырақ астында қалған

Фото: istockphoto.com

Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшының үстіне топырақ опырылып кетіп, екеуі де қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Редакция осы жағдайға байланысты Қарағанды полициясынан ақпарат сұратқан. Дереккөз екі адамның өлімін растады.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары өлімнің мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі редакцияға.