«Иманға қол сұқты»: БҚО-да ұрлық жасаған адам пробация тәртібін бұзғаны үшін түрмеге түсті

Автор: Бақыт Шынар

Қаратөбеде пробация шарттарын бұзған екі адам бас бостандығынан айырылды

Фото: istockphoto.com

Қаратөбе ауданы прокуратурасының үйлестіруімен жыл басынан бері пробация шарттарын сақтамаған екі сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО прокуратурасына сілтеме жасмай отырып. 

Прокуратура мониторинг барысында пробациядағы адамдардың әкімшілік және қылмыстық құқық бұзғаны, сондай-ақ белгіленген аумақтан тыс жерлерге шыққаны анықталған.

  • Бірінші жағдайда ұрлық үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталған азамат жазасын өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып, қайта қылмыс жасаған. Сот шешімімен оның жазасының өтелмеген 1 жыл 9 айы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

  • Екінші жағдайда 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған тұрғын тіркеуге келмей, қоғамдық тәртіпті бұзған. Нәтижесінде оның жазасының өтелмеген 2 жыл 7 айы түрмемен ауыстырылды.

«Ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған аудан тұрғыны еш себепсіз тіркеуге келмей, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әрекет жасады», - деп хабарлайды прокуратура.