Оқиға 12 қыркүйекте кешқұрым болған
Алматыда бетперде киген үш ер адам кәсіпкерді қорқытып, жалпы құны 500 млн теңгеге тең мүлкі мен ақшасын тонап кеткен. Полиция күдіктілерді ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қаскөйлер үй иесін байлап, оны мылтықпен қорқытып, 500 млн теңгеден асатын зергерлік бұйымдарын, ақшасын және өзге де заттарын тонап кеткен.
«12 қыркүйек күні кешке бетперде киген үш ер адам Медеу ауданындағы үйге ұрлана кірген. Үй иесін мылтықпен қорқытып, тонап кеткен. Залалдың жалпы көлемі – 500 млн теңге. Тонаған соң үйдегі адамдарды байлап, қашып кеткен», – деп хабарлады полиция.
Анықталғандай, күдікті ретінде Алматының екі тұрғыны және Алматы облысының бір тұрғыны ұсталған. Полиция оларды қамауға алып, тергеуді бастады.