Шымкентте синтетикалық есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның қызметі Қазақстан аумағында бұғатталды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті интернет ойынханалар мен заңсыз тауарлар өткізумен айналысатын интернет-сайттарды анықтауға бағытталған жұмыстар барысында есірткі және психотроптық заттар сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтады.

«Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып, нәтижесінде осы жылдың 9 маусымында «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Экономикалық тергеу департаменті 15 «интернет-ойынхана» және «синтетикалық есіркілер» сатқан 3 веб-ресурсты анықтап, жойған болатын.