Полиция Бейбіт Қорғанды ұстады - әншіге қандай айып тағылған

Автор: Бақыт Шынар

Әнші мас күйде полицияға тіл тигізген

Фото: Instagram/beibitkorgan

Атырау әуежайындағы даулы оқиға кезінде әнші Бейбіт Қорған ұсталып, жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті басылымның жазуынша, кешке Атырау әуежайында полиция белгілі әнші Бейбіт Қорғанды ұстаған. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция талаптарына бағынбаған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы Бейбіт Қорған мас күйде әуежайда тәртіп бұзып жүрген. Ол дауыстап ар-намысты бұзатын сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған.

Осылайша, әнші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол қоғамдық орында мас күйде болу, ұсақ бұзақылық жасау және полицияға бағынбау сияқты заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды.