«Есірткіні бөтелкеге тығып алған»: Астанада жас қыздан жарты келі мефедрон тәркіленді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

23 жастағы бойжеткен қауіпті затты бизнеске айналдырған

Фото: скриншот

Елордада 23 жастағы бойжеткен ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұсталды. Ол кіреберісінде жасырын «қоймаға» мефедрон тығып жатқан сәтінде қолға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеке тінту кезінде полицейлер одан ерекше иісі бар, мефедронға ұқсас зат салынған 40 түйіншек тапты. Ал пәтерін тексеру барысында шкафтан тағы жарты келі мефедрон, электронды таразы және есірткіні бөліп-орауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, қыз есірткі тобының «қоймашысы» болған. Яғни ол ірі партияларды қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы таратушыларға жеткізіп отырған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.