Күдікті Астанада қолға түсіп, Оралдың изоляторына қамалған
Батыс Қазақстан облысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері криптовалюта арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың ірі схемасын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рolisia.kz мәліметіне сүйенсек, азамат Астанада қолға түскен.
«БҚО-ның 27 жастағы тұрғыны криптовалюта сатып алу-сату сылтауымен облыстың 20-дан астам тұрғынын алаяқтыққа «дроппер» ретінде тартқаны белгілі болды. Ұрланған қаражат дропперлердің банк шоттары арқылы өтіп, кейін Bybit және Binance платформаларына аударылған. Күдікті осы қызметі үшін сыйақы алып отырған», - деп хабарлайды дереккөз.
Ол Астана қаласында ұсталып, қазіргі уақытта Оралда қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын.
Айта кетейік, Астанада алаяқтарға көмектескен төрт дроппер ұсталған, оның екеуі – кәмелетке толмаған бала.