Оқиға Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болды
Қостанай облысында жеке тұрғын үй секторында газ баллоны жарылып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болды. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үй толығымен өртеніп жатты. Құтқарушылар бір газ баллонының жарылғанын анықтады. Үй ішінен екі газ баллонын шығарды. Оқиға орнында 1937 және 1936 жылы туған екі әйелдің денесі табылды», - делінген ТЖД ақпаратында.
Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 8 қызметкері мен 2 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрттің нақты себептері мен шығындары анықталып жатыр.