«Отбасы ұйықтап жатқан»: Петропавлда құтқарушылар трагедияның алдын алды

Автор: Алмас Ерсін

Сегіз адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда көпқабатты үйдің пәтерінде жылытқыш өртеніп, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Петропавл қаласындағы М. Горький көшесінде орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің он жетінші қабатындағы пәтерде жылытқыш жанды. Пәтер иелері сол сәтте ұйықтап жатқан», - деп жазылған хабарламада.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 8 тұрғынды эвакуациялап, 0,5 ш.м. алаңдағы өртті тез арада сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.