Полиция желіде таралған видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін әлеуметтік желіде Алматыда болған бір оқиғаның видеосы жарияланды: полиция жерде жатқан адамның қалтасына әлденені салғандай әсер қалдырған. Халық полицияны «ұсталған адамның қалтасына есірткі салды» деп айыптаған. Azattyq Rýhy редакциясы осы оқиғаға қатысты Алматы полициясынан ақпарат сұратты.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, полиция оқиға орнына шақыру түскен соң барған. Үйдің жалдау ақысын төлемеді деген пәтер иесі полиция шақырған. Оқиға орнына келген полиция кәмелет жасына толмаған бір жеткіншек пен ересек адамды қолға түсірген. Баланы ата-анасына тапсырған полиция алкогольді ішімдікке мас күйдегі ер адамды ұстауға мәжбүр болған көрінеді.
«әлеуметтік желіде полицияның әрекетін теріс түсіндірген видео таралып жатыр. Ал шын мәнінде полиция жерде жатқан ер адамның қалтасына оның жеке затын салып жатқан», - деп хабарлайды Алматының полициясы.