Қарағандылық әйел ер адамды WhatsApp арқылы қорқытамын деп басы бәлеге қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қорқыту хатында нақты не жазылғаны айтылған жоқ

Қарағандыда 40 жастағы әйелдің үстінен «Адам өміріне қауіп төндіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусымда Қарағанды қаласы Киров аудандық полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ер адам өзіне және өз отбасына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Белгілі болғандай, таныс әйел оны WhatsApp мессенджері арқылы қорқытып, күш көрсететінін жазған екен.

Жазған мәтінді Қарағанды қаласындағы университеттің филолог мамандары зерттей келе, оның расымен де адам өміріне қауіп төндіруге оқталу екенін растаған. Полиция хат жазған әйелді дереу ұстап, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.