Жетісудың полициясы жолда «ұйықтап» келе жатқан жүргізушілерге кофе беріп, оятқан (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Жалпы, полиция 13 жүргізушіге ары қарай жүруге тыйым салған

Фото: Polisia.kz

Жетісу облысының полициясы ерекше рейд өткізді: олар ұзақ жолдан шаршап келе жатқан жүргізушілерді тоқтатып, шай беріп, демалуға шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia-ның ақпаратына сүйенсек, Алакөл ауданын аралаған полиция қызметкерлері ұзақ жолда ұйықтамай, демалмай келе жатқан бірнеше көлікті тоқтатқан. Жүргізушілерге шай-кофе беріп, қатты шаршағандарын ары қарай жүргізбей қойған.

«Өскемен-Талдықорған» трассасындағы рейд кезінде 13 көлікті тоқтаттық. Олардың жүргізушілеріне демалып, ұйықтаған соң ғана жолға шығуға рұқсат бердік. Осылайша, трагедияның алдын алдық», - дейді полиция қызметкерлері.