Полиция оған қатысты қылмыстық іс қозғады
Бүгін әлеуметтік желілерде Атыраудағы қорқынышты оқиғаның видеосы тарады: ақ киімдегі жігіт аулада ойнап отырған екі баланың жанына келіп, біреуін ұра жөнелген. Полиция оны ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, ауладағы балаға зәбір көрсеткен жігіттің жасы – 21-де.
«Атырау қаласының 21 жастағы тұрғыны балалар алаңында 9 жастағы баланы ұрғаны үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Атырау полициясы.
Полиция мәліметінше, ер адам баланы отырған жерінен сүйреп шығып, бірнеше рет бетіне ұрған. Оның не себепті бұлай істегені әлі белгісіз.