Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Бір қыз көз жұмып, жеті адам жарақат алды

Ақмола облысындағы тас жолдың бірінде адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 23 қыркүйекте Атбасар ауданында болды – Volkswagen Golf пен Lada Granta соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf көлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен сол көліктегі төрт жолаушы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жылдамдықты сақтап, көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салды.