Қазір полиция күдіктіні іздеп жатыр
Бүгін әлеуметтік желілерде Атыраудағы қорқынышты оқиғаның видеосы тарады: ақ киімдегі жігіт аулада ойнап отырған екі баланың жанына келіп, біреуін ұра жөнелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына бір ересек адам келсе де баланы соққан жігітті ұстамай, жібере салған. Атырау полициясы қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кіріскен.
«Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу дерегіне қылмыстық іс тіркелді. Полиция күдіктінің жеке басын анықтау үшін әрекет етіп жатыр. Бейнекамералардың жазбаларын зерделедік. Оқиғаның куәгерлерінен жауап алдық. Бала жеңіл жарақат алған», - деп хабарлайды Атырау полициясы.