Бұған дейін Ресей президенті оны Мәскеуге шақырған
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеп, кездесуді Қазақстанда өткізу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Fox News арнасына берген сұхбатында Зеленский келіссөз алаңы ретінде бірнеше мемлекетті атаған.
«Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Катар және Австрия, Швейцария сияқты бейтарап еуропалық елдерді атадық. Қажет болса, Қазақстанды да қарастыруға болады», – деді ол.
Украина президенті екі елдің көп созбай келісімге келгенін дұрыс деп санайтыны жеткізді. Ол Мәскеудің диалогқа келмеуін тек уақытты созу әрекеті деп бағалады.