Жеңіл көлік жүк көлігінің артына соғылған
Павлодар облысында Toyota Lucida маркалы жеңіл көлік трассада арақашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігінің артына соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, төрт жолаушы мен жүргізуші мерт болған.
«Павлодар-Қызылорда трассасында, Байет ауылына бес шақырым жетпей Toyota Lucida маркалы жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, өртеніп кеткен. Жеңіл көлік ішіндегі төрт жолаушы мен бір жүргізуші мерт болды», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Осы ретте полиция алыс жолға шығатын жүргізушілерден ереже мен жылдамдықты сақтауын сұрайды.