Олар аймақта өткен жиынға қатысқан
Түркістан облысына жиналған қоғам белсенділері жастарды нашақорлықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиынға қатысып сөз сөйлеген азаматтардың арасында Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, актер Нұрсұлтан Мейірбеков, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері Сәкен Бибосынов бар. Олар жастарды нашақорлық пен интернет алаяқтықтан сақ болуға шақырып, сөз сөйлеген.
Жиынға шамамен 500-ге жуық жас адам қатысып, спикерлерге сұрақ қойып, пікір алмасқан.
Жиынды Келес ауданының әкімдігі мен аудандық полиция ұйымдастырған екен. Олар «Әділ жастар – елдің ертеңі» деген ұранмен жастарға тәлім-тәрбие беруді көздеп отыр.