Ол ер адамдардың үстінен арыз жазамын деп бопсалаған
Астана қаласының полиция департаменті бұрын сотты болған әйелді қолға түсірді: ол әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамдарды бопсалап жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, ол ер адамдарды кездесуге шақырып алып, оңаша қалғаннан кейін полиция шақырамын деп қорқытқан.
«Астанада әлеуметтік желілер арқылы бейтаныс ер адамдарды кездесуге шақырған әйел адам ұсталды. Ол алдын ала бопсалау схемасын ұйымдастырып, кездесуге келген ер адамдарды қорқытқан. Ол бұрын сотталып шыққан», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.