Ол өздігінен төмен түсе алмай қалған
Алматы маңындағы тауларда 1991 жылы туған ер адам өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметке сәйкес, төтенше жағдай Медеу ауданында, Титова көлі маңында 3337 метр биіктікте тіркелген. Ер адам шаршағандықтан әрі жер бедерінің күрделілігіне байланысты таудан өздігінен түсе алмаған.
Ол құтқарушыларға сигнал беріп, көмек сұраған.
Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары шықты. Құтқарушылар ер адамды тау шатқалынан сәтті эвакуациялап, қалаға жеткізді.
«Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ. Операция сәтті аяқталды», – деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Мамандардың айтуынша, Алматы төңірегіндегі тауларға шығатын туристер мен қала тұрғындары көбіне ауа райы мен өздерінің физикалық дайындығын ескермейді. Бұл жағдай да – соның бір дәлелі.
ТЖМ азаматтарға тауға шыққанда: