Латын Америкасында коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Індетке шалдыққандардың жартысынан көбі Бразилия тұрғындары

Фото: ашық дереккөзден

Латын Америкасында «COVID-19» жұқтырған адам саны 2 миллионнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джонс Хопкинс университеті осындай мәлімет келтіріп отыр. Аймақта бұл дертке шалдыққандардың жартысынан көбі – Бразилия тұрғындары.

Жалпы, елде бір миллионнан аса науқас тіркеліп, 50 мыңнан астамы сырқаттан көз жұмды. Екінші орында Перу тұр, бұл елде науқастардың саны 250 мыңнан асып кетті.  Ал олардың артынан келе жатқан Чилиде 240 мыңнан аса адам аталған дертке душар болды.