Алматының қымбат тұрғын үйлерінен жезөкшелер «ұя салған» 71 пәтер табылды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Полиция Алмалы ауданындағы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерін тексерген

Фото: скриншот

Алматының полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы элиталы үш тұрғын үй кешенін тексеріп, 71 притонды анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы пәтерлерде жезөкшелер «жұмыс істеген».

«Пәтерлерін заңсыз қызмет үшін жалға берген пәтер иелері жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері күнде осындай профилактикалық жұмыс жүргізеді. Азаматтар да белсенді болып, байқаған заң бұзу фактілері туралы полицияға хабарласса болады», - деп хабарлайды ІІМ.

Айта кетейік, притондар Алмалы ауданындағы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар»  тұрғын үй кешендерінен табылған.