Ақмола облысында бір үйдің екі бүлдіршіні ыстық сорпаны үстіне төгіп алған (ВИДЕО)
Облыстың ТЖД оларды шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді

Ақмола облысы Степногорск қаласында бір үйдің екі кішкентай баласы бір қазан сорпаға күйіп қалған: құтқарушылар оларды шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметі тікұшақпен Степногорск қаласынан 2023 және 2020 жылы туған екі бүлдіршінді Көкшетау қаласына жеткізді», - деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Кейін редакциямыздың сұрағына жауап берген ТЖД-ның баспасөз қызметі екі бала бір үйдің бүлдіршінін екені және ыстық сорпаға күйіп қалғанын хабарлады.
Айта кетейік, «Қазавиақұтқару» қызметі Ақмола облысының халқына бір күнде екінші рет көмекке келген екен. Макинск қаласында 1968 жылы туған ер адамды да тікұшақ облыс орталығына апарған.