Мойынқұмда сағат 22:34-те үйінде отырмаған азамат түрмеге түсті

Автор: Бақыт Шынар

Азамат Шу сотының қаулысы негізінде есепте тұрған

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының соты Шу сотының қаулысын орындамаған адамды бес тәулікке қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың ақпаратына сүйенсек, ол Шу сотының қаулысы негізінде пробациялық есепте тұрған және кешкі уақытта үйден шығуға болмайды. 

«Алайда, рейд кезінде ол Шу аудандық сотының үкімін орындамағанын, атап айтқанда, сағат 22:34-те тұрғылықты жері бойынша үйінде отырмағаны анықталды», - деп хабарлаған Мойынқұм ауданының соты.

Азаматтың үстінен аудан прокуратурасы жаңа іс қозғап, оған қатаң жаза қолдануды сұраған.

«Сот балама санкция кезінде қатаң әкімшілік жаза тағайындауды орынды деп тапты. Сот қаулысымен азамат  5 тәулік мерзімге қамалды», - деп хабарлайды Мойынқұм ауданының соты.