Ұлттық ұлан Астана әкімдігі берген су жаңа көліктермен вальс билеп жүр (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ұлттық ұланның автопаркі 32 көлікпен толыққан

Фото: скриншот

Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның Астанадағы жедел құрамасына 32 қызметтік көлік табысталды. Олар осы көліктермен вальс билеп, оның видеосын таратқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, жас жүргізушілер осы арқылы кәсіби шеберліктерін көрсеткісі келген екен. Бұл көліктерді Ұлттық ұлан әскеріне Астана қаласы әкімдігі тарту еткен.

«Жаңа көліктер әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметке даярлығын арттыруға бағытталған»,  - деп хабарлайды Ұлттық ұлан.