«3 618 589 теңге қарыз». Алимент төлеуден 9 жыл жалтарған әке табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Павлодарда жауапсыз әкелердің бірнешеуі Ресейге көшіп кеткен

Павлодар облысының Полиция департаменті алимент төлемейтін 53 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмаған балаларының алдындағы борышы бар әкелерді, кейде аналарды анықтау және ұстау үшін рейд үнемі өткізіліп тұрады.

«2020 жылдың басынан бастап полиция алимент төлемейтін 53 адамды анықтады, оның ішінде 16 адам Ресей Федерациясында анықталды. Сонымен, тәртіп сақшылары 9 жыл өз баласына алимент төлемеген облыс тұрғынын анықтады. Ақсу қаласында жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция алименттен жалтарғаны үшін 2011 жылдан бері іздеуде жүрген 35 жастағы немқұрайды әкенің орнын полиция анықтады. Ер адам балалардан 3 618 589 теңге қарыз», - делінген хабарламада.

Алимент төлемеген азаматқа қатысты ҚР ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгінгі күні полиция қарызгер әкелердің 23 көлігін анықтады. Сондай-ақ, «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйелеріне алимент өндіруге қарыздар көлік құралдары туралы ақпарат енгізіледі.

Полицияның өкілеттігі іздестірілген адамның қайда екендігі және оның сот приставының алдына келу міндеттемесін анықтаумен аяқталады. Жазаны сот билігі жасайды. Егер көші-қон қызметі бір ай ішінде алимент қарызгерінің орналасқан жерін анықтай алмаса, онда коллектордың өтініші бойынша тиісті құжат шығарылады, оның негізінде әлеуметтік қамсыздандыру органдары борышкерді іздеу кезінде балаларды күтуге уақытша жәрдемақы төлейді.