Қарағандыда 17 адамнан құралған топ пойыздан тонналап бензин ұрлаған

Автор: Бақыт Шынар

Полиция олардың үй-жайына 14 рет тінту жүргізіп, оқ-дәрі мен есірткі тапқан

Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары үнемі пойыздардан дизель ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, қазір 28 ұрлық дерегі тіркелген. 17 күдікті қолға түсті.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталды. 17 күдікті қолға түсті. Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресейде жоғалған атыс қаруы, 26 дана оқ-дәрі, 7 телефон және есірткі заттары тәркіленді», - деп хабарлайды ІІМ.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және көліктегі полиция департаментінің Қарағанды — Сұрыптау желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізген.