Футбол матчы жанжалға ұласты
Жамбыл облысының Шу ауданында жасөспірім қайғылы жағдайға тап болды. Көкқайнар ауылында 10 және 11-сынып оқушылары арасындағы футбол матчы жанжалға ұласып, соңы қылмыстық іске айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға футбол ойынынан кейін басталған.
Оны үйіне жеткізген соң, ата-анасы дәрігер шақырғанымен, жасөспірім жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған.
Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Оперативті іс-шаралар барысында 17 және 16 жастағы екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді полиция өкілдері.