Алматы облысында жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, екі адам мерт болды

Автор: Бақыт Шынар

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: скриншот

Алматы облысындағы «Сокол» саяжайының аумағында Hyundai Accent автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, жеңіл көліктегі екі адам мерт болған, деп хабарлайды 

Облыстық полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқан адамның біреуі – жеңіл көліктің жүргізушісі мен сол көліктегі жолаушы.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent көлігін басқарған адам бұрылған кезде автобусқа жол бермей, соқтығысқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.