Бұл туралы ТЖМ хабарлады
Жамбыл облысы Қордай ауданында қуаты 2 баллдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеулер институты» хабарлап отырғандай, жер дүмпуі Астана уақытымен 12:57-де тіркелген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 187 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жамбыл облысы Қордай ауданында күші 2 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ.